Тойда іш киімін шешіп билеген қыздың әрекеті жұрттың ашуын тудырды

78

Желіде той үстінде болған күтпеген жағдай жұртты есеңгіретті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бейнежазбада жүргізуші сахнаға бір жігіт пен қызды шығарып, би байқауын бастайды. Алайда би қызған шақта қыздың әрекеті бәрін таңғалдырды: ол кенеттен еңкейіп, іш киімін шешіп, қолында бұлғаған. Соңында оны серігінің көйлегіне салып жібергені көрінеді.

Видеоны алматылық тамада Азамат жариялап, “Мұндайды күтпедім, нағыз шок болды” деп жазды.

Кадрлар астында пікір қалдырғандар екіге бөлінді: бірі болған жайтқа күлкімен қараса, енді бірі қыздың қылығын “ұят” және “орынсыз” деп сынға алды.

“Қанша қарасам да, көзіме сенбедім!”, “Шай сервизі үшін бәріне дайын!”, “Түнгі клуб деп ойлап қалған ба?”, “Қуанудың орнына, жылау керек еді”, – деп жазды желі қолданушылары.

ФОТО АҚПАРАТ:

https://ozgeris.info/kz/article/toida-ish-kiimin-sheship-bilegen-qyzdyn-areketi-jurttyn-ashuyn-tudyrdy-video.html

Leave A Reply

Your email address will not be published.