ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

45
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбековтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері және тиісті мектептің жауапты қызметкерлері мен ата – аналары қатысты.
🔰Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Ш.Уәлиханов атындағы мектеп– гимназиясының директоры Ержан Көлбаев, аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Жандос Амангелдиев, аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары Гүлдана Кабулова, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Әйнеков және аудандық орталық ауруханасы емхана бөлімінің меңгерушісі Ернар Бақытұлының баяндамалары тыңдалды. Аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков күн тәртібіндегі көтерілген мәселелер бойынша бірқатар жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.