«Тиімді тілдік орта» ойын алаңы

196

«Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  идея аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында Аудандық этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру: «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында  өзге ұлт өкілдерімен «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы «»Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырылып  өткізілді.

Ойын алаңы ауданда ашық аспан астында өткізілді. Ойын алаңынан ауылдық округтерде ұлтаралық қарымқатынасқа жауапты мамандар, жастар орталықтарының қызметкерлері, психологтар қатыстырылды. Ойын алаңында жастар достықты, бірлікті нығайтуға бағытталған тренингтер, ойындар өткізіп, тәжірибе жинақтады. Ойын алаңын облыстық, республикалық тренингтерге, оқыту лагерлерінің қатысушысы атанып келген аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері өткізуге атсалысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.