Тәуелсіздік күні аталып өтілді

51

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде жазасын өтеп отырған сотталған азаматтар арасында спорттық-мерекелік шара өтті.
«Бұл күні мекемедегі жазасын өтеушілер шахмат ойынынан сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтады. Сайыс барысында сотталған азаматтар бақ сынасты. Тартысты өткен додаға әрбір жазасын өтеуші белсене қатысты.
Жарыс жеңімпаздарына мекеме бастығының мақтау қағаздары мен мадақтау қаулысы жарияланды. Бұл спорттық шара арнайы контингентке мерекелік көңіл-күй сыйлау және олардың қоғаммен байланысын нығайту әрі еліміздің патриоты болуға үндеу мақсатында жүзеге асырды», дейді №58 мекемесінің САТжӘПЖЖ бөлімі бастығы әділет майоры Е.Н.Набатов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.