ТӘРТІПКЕ БАС ИГЕН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ

60
Замананың дамып, жаңғыруға жол бастаған жасампаз еліміздің нормативтік құқықтық актілері қалыптасқан. Бүгінде «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қағидатты сақтай отырып, болашақ ұрпақты тәрбиелікке баулу басты міндет болып табылады.
Осы орайда, бүгін Жаңатас көпсалалы колледжінде Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Сарысу медиа” орталығының ұйымдастыруымен «Заң бар жерде — тәртіп бар» атты аудан жастарының пікірталасы өтті. Кездесу шарасына аудандық сот, прокуратура, аудандық полиция, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Сарысу медиа орталығы, колледж ұжымы мен білімгерлер қатысты.
Шара барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, ұрпақтар сабақтастығы мен тәлім — тәрбие туралы кеңінен мәліметтер айтылды. Пікірталас алаңында жастар көкейкесті ойларды ортаға салып, ұсыныс пікірлерін жеткізді. Кездесуге белсене қатысып бірқатар білімгерлер мен колледж ұстаздары ұйымдастырушы тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды

Leave A Reply

Your email address will not be published.