Тарихи орындардағы QR-стендтердің таныстырылымы өтті

618

Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық- музейі Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм басқармасының «Тараз-туризм» туристік информациялық орталығымен бірлесе отырып TARAZ TOUR жобасын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында орналасқан 20 тарихи-мәдени нысандарға QR стендтер орнатқан болатын.

Бүгін «Қарахан» діни-мемориалдық кешенінде QR стендтерді құрастырушы Алматылық ALTERNATIVE VISION SOFTWARE компаниясының өкілдері QR стендтің қалай жұмыс істейтіні жайлы таныстырып өтті. Ұялы телефондарыңыздың көмегімен Play Market немесе App Store қосымшасына кіріп TARAZ TOUR жүктемесін жүктеп алсаңыз болды. Тарихи-мәдени нысандарда орнатылған QR стендке жүктеменің көмегімен тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы қазақша, орысша, түрікше, қытайша және ағылшынша толыққанды мәлімет ала аласыздар.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.