Таразда жастар театры «Ләйлі–Мәжнүн» қойылымын сахналады

21

Тараз қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған Тараз жастар театры студиясы алғашқы қойылымын көрерменге ұсынды. Жас театр ұжымы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ләйлі–Мәжнүн» шығармасы негізінде әзірленген сахналық туындысы көрермендер көңілінен шықты. Қойылымды Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ардагерлермен, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындарымен бірге тамашалады.

Классикалық махаббат хикаясын арқау еткен қойылымда қос ғашық — Мәжнүн мен Ләйлінің бір-біріне деген шексіз сүйіспеншілігі бейнеленеді. Алайда риясыз сезім ата-аналары мен қоғамның қысымына тап болып, қос жүректің трагедиясына ұласады. Мәжнүн елден безіп, жалғыздық құшағында өмір сүрсе, Ләйлі де сүйгеніне жете алмай, ажал құшады. Шығармада адам жанының тазалығы мен шынайы махаббаттың рухани биіктігі терең суреттеледі.

Қойылымды көпшілік назарына Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, белгілі режиссер Қуандық Қасымов ұсынды. Кәсіби маманның режиссерлік шешімі мен актерлік құрамның шебер ойыны көрерменге ерекше әсер сыйлап, жастар театрының болашағынан зор үміт күттіретінін көрсетті.
Шара соңында өнер ұжымына қала әкімінің атынан ықылас гүлі табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.