Таразда ULYS цифрлық журналының таныстырылымы өтті

792

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында «ULYS» цифрлық журналының Бас редакторы Ержан Қалымбайұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикер «ULYS» цифрлық журналы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

5 қыркүйек күні Алаштың ардақтысы, қазақтың тау тұлғасы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында «ULYS» атты Қазақстанның тұңғыш цифрлық журналының таныстырылымы өткен болатын. Бағыты – сараптамалық, танымдық. Заманауи, жоғары эстетикалық талғаммен жасалған жобаны iOS және Android жүйелеріндегі қосымша арқылы телефонға немесе планшетке тегін жүктеп алып, оқуға болады. Мультимедиялық журнал заман талабына сай цифрлық негізде жасалған.
Бүгінгі оқырмандардың талғамына сай заманауи технологияға негізделіп жоғары эстетикалық тұрғыда көркем безендірілген. Көптеген тақырыптарға ұтымды спецэффектілер қолданылған. Мақалаларды тек оқып қана қоймай, тыңдауға һәм сұхбаттарды көруге де болады. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы контентпен қамтамасыз етуге үлес қосатын жоба. Мұндағы сараптамалық, танымдық мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ оқырмандарына жеткізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.