Таразда «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» форумы өтті

29

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастыруымен Тараз қалалық мәдениет үйінде 9 желтоқсан — Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбымен форум өтті.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стретегиялық құжаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелеріне аударылады.

Осыған байланысты «9 желтоқсан — Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне» орай 27 қараша мен 25 желтоқсан аралығында облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 30 ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру белгіленді. Сонымен қатар, Тараз қалалық мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлықсыз ел — өркендеуші ел» атты форумы өткізілді. Форумда облыс әкімі аппаратының басшысы Н.С. Календеров, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ш.Т. Тілеумұрат, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы М.Ы.Нәлібаев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қ.Е. Төлендиев және

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Б.Ж. Мөрбеков сөз сөйледі.

Форум барысында қатысушыларға академиялық адалдық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, облыс тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттар беріліп, форум қатысушыларын жемқорлыққа қарсы бірігіп тұруға және әлеуметтік зұлымдық – жемқорлыққа қарсы күрес жұмысына өзіндік үлес қосуға шақырды. Бұдан басқа, форумда «Арыңды таза ұста» үздік әлеуметтік бейнеролик» облыстық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі, «Адал жол» марафон-эстафетасының жеңімпаздарын Сарысу, Жамбыл және Шу аудандарын марапаттау рәсімі және бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл туралы жарық көрген ең үздік жарияланымдардың облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.