Таразда Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтеді

675

Ертең Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен  партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтеді.

Шараға Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, суретші, қаламгер, журналист, Қасым Қайсеновтың xатшысы болған Еркін Нұразхан, сондай-ақ, Әулиеата өңірінің ақын-жазушылары, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Бұл кеште Қасым Қайсеновтың шығармашылығы, даңқты тұлғаның майдан шебі мен бейбіт өмірге қосқан ерен еңбегі туралы айтылады.

Әдеби кеш 7 қыркүйек сағат 15:00-де Тараз қаласы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.