Таразда «Баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы байланыстың тиімді жолдары» семинар-тренингі өтеді

567

2018 жылдың 24 тамызында, сағат 10.00-де Тараз қаласы “Достық үйінің” мәжіліс залында Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы “Өңірлік коммуникациялар қызметінің” ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет саласындағы баспасөз қызметкерлеріне арналған «Баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы байланыстың тиімді жолдары» атты семинар-тренинг өтеді.

Аталған шарада «Ақпарат таратуда ескерілетін басты қағидалар және жылдам әрі шұғыл ақпарат таратудың тиімді жолдары», «Баспасөз қызметкерінің жауапкершілігі», «Мекеме жаңалықтарының БАҚ беттерінде көрініс табуы және оны ұйымдастырудағы баспасөз қызметінің рөлі» жəне тағы басқа тақырыптарда дәріс оқылады.

Дәріс оқитын мамандар – медиатренер, “Ақпарат саласының үздігі”, республикалық “Нұр сұңқар” байқауының “ең үздік блогер” аталымының жеңімпазы Өркен Кенжебек және саясаттанушы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, 2017 жылы БҚО әкімі аппаратының баспасөз-хатшысы қызметін атқарған кезінде БАҚ сауалнамаларының нəтижесінде “Жергілікті атқарушы органдар арасында ең үздік баспасөз қызметі” номинациясын иеленуге мұрындық болған Жарқын Түсіпбекұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.