Таразда 130 352 адам жер кезегінде тұр

144

Тараз қаласында жер кезегіне 2005-2025 жылдар аралығында 130 352 азамат тіркелген. Кезекте тұрған азаматтарды жер телімімен қамтамасыз ету мақсатында А.Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алқаптан 46,4 га және «Хамукат» тұрғын алқабынан 125 га жер телімдерін мемлекет қажеттілігі үшін алып, қажетті инфрақұрылымдар жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков мәлімдеді.

Инженерлік желілердің құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін «Хамукат» тұрғын алқабынан 524 жер телімін және А.Асқаров көшесінің соңында 341 жер телімін кезекте тұрған азаматтарға кезек реттілігіне сәйкес берілмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.