Тағы 11 қазақстандық шенеунік тарифтердің көтерілгені үшін жауапкершілікке тартылды

519

Сондай-ақ, Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы атқаратын лауазымынан босатылды.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін орталық аппараттың және оның Департаменттерінің басшылары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 қарашада Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген монополияға қарсы ведомствоның жұмысын тәртіпке келтіру бөлігінде тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу саласында анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту мәселесін қарады.

Осылайша, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мынадай лауазымды тұлғаларына қатысты сөгіс жариялау түрінде жазалау шарасы қолданылды:

— Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары ;

— Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары;

— Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы;

— Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы;

— Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;

— Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы;

— Комитеттің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;

— Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы;

— Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;

— Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Бұл ретте, Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы атқаратын лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, монополияға қарсы ведомствоның мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге және Комитет төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жарияланды.

Еске сала кетейік, кеше ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге сөгіс жариялады. Сондай-ақ, Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігінің Монополияға қарсы комитеттің оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын тәртіпке келтіруін қолдайтынын атап өтті.

Бұған дейін Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етіп, тариф саласында орын алған кемшіліктерге байланысты ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады.

bnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.