Сарысу аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы, композитор, өнер зерттеуші, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың 90 жасқа толуына арналған «Сырлы жүрек сазы» атты Талас, Созақ, Сарысу аудандары арасындағы аймақтық ән байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — І.Жақановтың лирикалық әндерін насихаттау, қазақ мәдениеті мен әдебиетін, тілінің тәртебесін арттыру. Жаңа әлемдегі- Жаңа Қазақстан бағытында мәдениеттің, өнердің дамуына үлес қосу. Дарынды таланттарды анықтау, ағамыздың әндеріне заманауи қарқын беру болып табылады. Шараның ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков құттықтау сөз сөйлеп, сазгердің өмірі мен шығармашылығына тоқталды.


Әділқазы алқасының шешімімен сайыстың қорытындысы бойынша 1 — орынды аудандық мәдениет үйінің әншісі Мейіржан Омаров иеленсе, 2-орынды Талас ауданынан келген Әділбек Сағат жеңіп алды.

3 — ші орынды тағы сарысулық жезтаңдай әнші Мөлдір Мұсаева місе тұтты. Байқаудың жеңімпаздарын үстіміздегі жылдың 22 мамыры күні Ілия Жақановтың қатысуымен өтетін кеште аудан әкімі Сәкен Мамытов пен ілия Жақановтың өзі арнайы марапаттайтын болады.