Бүгін Шу ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлының қатысуымен спорт саласына байланысты жиналыс өтті. Жиынға өңірімізге беделді спорт майталмандары, ардагер спортшылар, спорт мектептерінің басшылары және жаттықтырушылар қатысты.![]()

Аудандық футбол федерациясының президенті Ерболат Досымбаевта ауқымды мәселелерге тоқталып, ұсыныстарын атап айтты. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойындары, оның ішінде ат спорты, көкпар, бәйге, тоғызқұмалақ, асық ату сынды ойындар да айтылды. Сонымен қатар, қаржылық қолдау жөнінде сөз қозғалды.
 Жастарымыз тек аудан төңірегіндегі жарыстар да қалып қоймай, облыстық, республикалық сайыстарды бағындырса деген жаттықтырушыларда өз озық ойларын тілге тиек етті.