Іскерлік бастамаларға жаңа серпін

98
Азия даму банкінің вице-президенті Фатима Ясминмен кездесіп, бірлескен жобалардың іске асырылу барысын және алдағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқыладық.
Кездесуде Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу жобасының жүзеге асырылу барысын қаралдық. Қазіргі уақытта жобаны қаржыландыруға дайындау және мемлекеттік кепілдік алу рәсімдері жүргізіліп жатыр.
Контрреттегіштің жобалық сыйымдылығы 873 млн текше метр. Нысан тасқын суын жинақтап, оның ағысын тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Бұл Есіл өзенінің төменгі ағысына судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар өзен жағалауындағы елді мекендерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
2024-2028 жылдарға арналған су шаруашылығы саласын дамытудың кешенді жоспары аясында Қазақстанның сегіз өңірінде су қоймаларын салу және реконструкциялау бойынша 42 жоба іріктелді. Осы бастамаларды іске асыру бағытындағы ынтымақтастық мәселелерін Азия даму банкімен бірлесіп пысықтауға дайын екенімізді жеткіздік.
Leave A Reply

Your email address will not be published.