Сингапурде Қазақстанның транзиттік әлеуеті таныстырылды

525

Бизнес-форумға 500-ге жуық сингапурлік компания өкілі және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропаның 6 елшісі қатысқан.

Қазақстан елшісі Үсен Сүлеймен Қытайдың, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының құрлықтағы бөлігін жүзеге асыруда Қазақ елі мен Орталық Азия аймағы шешуші орында болса, осы жобаның теңіз бөлігінде Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің  маңызы зор екенін атап өтті. Үсен Сүлейменнің айтуынша, бұрын Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің   ирандық Бендер-Аббас айлағынан басқа Орталық Азияға тауар экспорттаудың басқа жолы болмаған. Ал «Хоргос» логистикалық хабы мен Лянь-юньган жүк терминалының пайда болуы сауданы қыздыруға және жаңа бағыттарды белсенді түрде қолдануға мүмкіндік ашты. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығына мүше мемлекеттердің экономикасы әлемде алтыншы орында тұр. Осы ұйымның  жалпы ішкі өнімі 2 триллион төрт жүз миллиард долларға жетеді.

Үсен Сүлеймен, Сингапурдегі ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі:

Leave A Reply

Your email address will not be published.