Шулықтар «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесін тамашалады

476

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі Шу ауданында

Бүгін Жамбыл облысы Шу қаласындағы  Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде «Н.Назарбаев: дәуір,тұлға, қоғам»  атты көшпелі көрмесі жобасы аясында айтулы шара ұйымдастырылды.  Аталған көрме аясында Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы  «Тұңғыш» экскурсиялық концепсиясының негізігінде келушілер «Тарихи таңдау.Бастамасы» «Тарихи таңдау. Ұмтылыс» «Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсияларын тамашалады.

Шара алдында Елбасы кітапханасының  директоры  Әмірхан Рахымжанов, орынбасары  Күлайша Ақтаева, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, аудан әкімі Жарылқасын Айтақов жиналғандар алдында сөз сөйлеп, сый сияпаттар алмасты. Атап айтқанда Әмірхан Рахымжанов шараның маңызы мен мазмұнына тоқталып, жоба авторы саясаттанушы ғалым, көрнекті қайраткер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қасында 30 жыл жұмыс жасап келе жатқан Махмұд Қасымбековтың дұғай сәлемін жетікізіп, аудан әкімі Жарылқасын Айтақовқа  және мектеп директоры Жазира Шалбаеваға Алғыс хат тапсырып,  ұйымдастыруға ат салысқандары үшін алғысын жеткізіп, Елбасы туралы құнды еңбектерді сыйға тартты. Сондай-ақ аудан басшысы Жарылқасын Айтақов та өңірге келген меймандарға ризашылығын білдіріп, жоба жұмысынан сәттілік тілеп Елбасы кітапханасына естелік сыйлық табыстады.

Содан кейін келушілер Елбасы өмірінен сыр шертетін, хабар беретін деректермен танысып,жәдігерлерді жақынан көріп, тәжірбиелі нұсқаушылардың баяндамасын тыңдады. Аудан тұрғындарына сирек кездесетін бейнематериалдың, фотосуреттер мен архивтік құжаттар, жәдігерлердің бірегей кешені ұсынылып, келушілерге ерекше әсер сыйлады.Ал, Әмірхан Мұратбекұлы әр аудиторияны аралап, келушілермен сұхбаттасты. Жобаның мақсаты мен міндетін түсіндірді.

Қордай ауданының  Әлжан ана ауылынан бастау алған көшпелі көрме жобасы Шу ауданына аялдағаннан кейін Тараз қаласында шоқтығы биік шаралармен жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.