Сақшыларға нақты міндеттер жүктелді

453

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы талқыланды.
Жиында мекеме бастығы әділет подполковнигі Жанболат Жұмалиев Президент Жолдауындағы ішкі істер органы саласына жүктелген басты бағыттарға баса назар аударды. Жанболат Алпысбайұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауын басшылыққа ала отырып нәтижелі жұмыстар атқару керектігіне тоқталды.
— Президентіміз Жолдауында халықпен тиімді кері байланысты күшейтуді атап өтті. Азаматтардың өтініштерін және шағымдарын уақтылы әрі сапалы қарауға тиіспіз. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аянбай еңбек ете білуіміз керек. Бұл үшін бізге барлық жағдай жасалған, — деді Ж.Жұмалиев.
Бұдан кейінгі кезекте мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Бақытжан Байжігітов алдағы жылдарда Президенттің тапсырмасына сәйкес ішкі істер органы саласына қомақты қаражат бөлетінін, сондай-ақ келешекте бұл салада өзгерістер орын алатынын айта келіп, жеке құрам қызметкерлері Президент Жолдауына іспен жауап беру керек, деді ол.
Басқосу соңында Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауын іске асыру шаралары экономикалық өсімге елеулі серпін беріп, елдің әлекметтік-экономикалық дамуының сапасын арттыра алатыны айтылды. Ал елдің тыныштығын күзетуде сақшыларға жүктелер жүктің салмағы қашанда ауыр екені айтпаса да түсінікті.

Бекзат ЖОЛДАСБАЕВ,
ЖД-158/4 мекемесі режим бөлімінің
инспекторы әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.