Ресейдің әскери академиясында Бауыржан Момышұлы атындағы дәрісхана ашылды

579

Ресейдің А.В. Хрулев атындағы Материалдық-техникалық қамту әскери академиясында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы есімімен аталатын дәрісхана ашылды.

Соғыстан кейінгі жылдары Б. Момышұлы академияда бес жыл дәріс оқып, әскери өнерді дамытуға сүбелі үлесін қосты.

Батырдың есімімен аталатын дәрісхана барша заманауи талаптарға жауап береді, қабырғаларға Б. Момышұлының өмір жолынан сыр шертетін фотосуреттер, қанатты сөздері ілінген.

Аталған оқу орнында көптеген қазақстандық офицерлер білім алып, қазіргі кезде Қазақстан Респубикасы Қарулы Күштерінің сапында қызмет етіп жүр.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.