«РАS» жазғы лагерінің жабылу салтанаты өтті

737

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «РАS» жазғы лагерінің жабылу салтанаты өтті. Аталмыш білім ордасы мен Корея Республикасының белсенді студенттері ұйымдастырған лагерь үш аптаға созылған. Жалпы, лагер кәріс ұлтының салт-дәстүрі мен тарихына, тіліне, ұлттық тағамдарына, әдет-ғұрпына қызығушылық танытатын жандар үшін өткізілген.

Жабылу салтанатында «РАS» ұйымының мүшелері өз өнерлерін ортаға салып, белсенді қатысушыларды марапаттады. Ұйым жетекшісі Чон ДонГун шараның жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры міндетін атқарушы  Орынқыз Жолдасоваға алғысын білдіріп, арнайы сый-сияпатын табыс етті. Ал, өз кезегінде Орынқыз Көпбосынова лагерь екі ел студентерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік туғызғанын атап өтіп, алдағы уақытта да берік байланыс орнатуға дайын екендіктерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.