Р. Дәулет тұрғындар сұрағына онлайн режимде жауап берді

280

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жергілікті жерде іске асыру және тұрғындардың өтініш-тілектерін мерзімінде, сапалы орындау мақсатында бүгін Қордай ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен онлайн-формат режиміндегі бастапқы қабылдауын өткізді.
Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезеңнен бастап аудан әкімінің азаматтарды қабылдауы тоқтатылып, тұрғындардың жазбаша арыз-шағымдары аудан әкімі аппараттың ресми электрондық поштасы және әкімінің жеке блогы мен Электрондық үкімет порталы арқылы қабылдануда. Барлық азаматтарға Заңмен белгіленмен мерзімде жауаптары берілуде. Мәселен, аудан әкімінің жеке блогына 9 азамат, Электрондық үкімет порталы арқылы 139 азамат және әлеуметтік желілердегі парақшаларына 50-ге жуық азаматтар әр түрлі өтініштермен қайырылған.
Бүгінгі жаңа форматта өткен қабылдауда Әлжан ана ауылының тұрғындары жеке тұрғын үй мен жер мәселесі бойынша қайырылған сұрақтарына Қордай ауданының әкімі Р.Дәулет Заң аясында түсініктеме беріп, тиісті бөлім басшыларына зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Өз кезегінде тұрғындар аудан әкіміне алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.