Өңірде 918 237 азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен сақтандырылған. Ал 297 245 адам бұл жүйеден сырт қалып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингі барысында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова айтты. Жанар Мықтыбекқызының сөзінше, ағымдағы жылы халықты медициналық көмекпен қаржыландыруға 2, 049 трлн теңге қаражат бөлу жоспарланған.

