Облыстық ІІ еңбек форумы өтуде

550

Таразда техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Техникалық және кәсіптік білім. Еңбек. Табыс» атты облыстық ІІ еңбек форумы өтуде. Алқалы жиынға техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері мен әлеуметтік әріптестер қатысуда.

Форум аясында «Үздік әлеуметтік серіктестер», техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің рейтингісінің қорытындысы бойынша «Үздік қала колледжі», «Үздік ауыл колледжі» номинацияларының жеңімпаздары марапатталмақ.

Сондай-ақ, техникалық мамандықты игеріп, табысты еңбек етіп жүрген түлектер форум аясында ұйымдастырылған «Түлектер кешіне» қатысады деп күтілуде.

Форум соңында облыста жаңадан ашылған және қайта құрылған өндіріс орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.