Облыста мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті

421

Бүгін облыс әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг өтті. Онда Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Махметғали Сарыбеков қатысып, мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлаудың өткенін айтты, – деп хабарлайды «08INFO» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
М.Сарыбековтың айтуынша сайлау Жамбыл облыстық мәслихатын сайлау жөніндегі №17, Қордай аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №8 және №13, Мойынқұм аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №11 сайлау округтері бойынша өткен.
Жоспар бойынша 2018 жылғы 28 тамыз бен 28 қыркүйегі аралығында кандидаттарды ұсыну жүргізілді. Облыстық мәслихат депутаттығына 3 кандидат, Қордай аудандық мәслихатына екі сайлау округы бойынша 6 кандидат, Мойынқұм ауданы бойынша 3 кандидат тіркелген. Кандидаттардың 4-і «Нұр Отан» партиясымен, қалған 8 кандидат өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылғандар.
Сайлау қорытындысы бойынша, №17 сайлау округы бойынша облыстық мәслихат депутаты болып «Аltais Group» ЖШС бас директоры Жұмабаев Әлімбек Әсембекұлы, №8 сайлау округы бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып №3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әлімжанов Ғалым Бекмурзаұлы, №13 сайлау округы бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып «Береке» гуманитарлық-техникалық колледж директоры Сүлейманқұл Ержан Каріғүлұлы, №11 сайлау округы бойынша Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты болып В.Терешкова атындағы орта мектеп директоры Сәлібеков Абзал Мархабайұлы сайланды.
Сайланған кандидаттардың барлығы «Нұр Отан» партиясымен ұсынылған. Сайлау күні барлығы 43 байқаушылар — саяси партиялардың, БАҚ өкілдері және кандидаттардың сенім білдірген адамдары сайлау процесін бақылады. Бүгінгі күнге сайлау туралы заңнамаларды бұзу фактілері бойынша арыз-шағым түскен жоқ. Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының жұмысы заңнамаларға сай жүргізілді.
Баяндамашы брифингке қатысушы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.