Нұрсұлтан Назарбаев Павлодарда бірнеше кәсіпорынды аралады

576

Мемлекет басшысы тоқ өткізетін кабель жасау технологиясымен және кәсіпорынның даму перспективаларымен танысты.

Қазақстан Президентіне ішкі және шетелдік нарыққа шығарылатын дайын өнім үлгілері де көрсетілді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ «GiessenHaus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды.

Қазақстан Президенті балқытылған аллюминий және жеңіл қорытылатын автомобиль дискілерін өндірудің технологиялық үдерісімен танысты.

Мемлекет басшысына «Павлодар» еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобалар жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа дайын өнім үлгілері, атап айтқанда, жылыту радиаторлары, автомобильдердің қосалқы бөлшектері, темір жол вагондарының дөңгелектері көрсетілді.

today.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.