«Нұр Отан» ұйымдастырған эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды

672

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен партия Тараз қалалық филиалының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында эссе байқауы өтті. Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын және жемқорлық іс-әрекеттерінің іс-қимыл әсерін оқушыларға түсіндіру мен ондай теріс әркетерге бармау жолдарын насихатау мақсатында ұйымдастырылған байқауға қала мектептері арасынан іріктелген 9 сынып оқитын оқушылар қатысты.

«Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз?» тақырыбындағы эссе байқауының негізгі талабы жазылған жұмыс автордың көзқарасын танытуы қажет.

Эсселер қазақ және орыс тілінде жазылды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді партия, қала әкімдігі білім бөлімі қызметкерлері мен мектеп гимназия мұғалімдерінен құрылған арнайы комиссия анықтады.

Нәтижесінде, №46 орта мектеп оқушысы Қазына Шакенбаева 1 орынды иеленді. 2-3 орындарды Анастисия Овчинникова (№6 орта мектеп) мен Дулат Абдрахман (№55 орта мектеп) бөлісті. Басқа қатысушылар да ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Партия Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов байқау қорытындасы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Бұл дәстүрлі байқау былтыр Тараз қаласындағы мектеп гимназия оқушылары арасында өткен болатын. Келесі жылы аудандардағы мектеп оқушылары арасында ұйымдастыру жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.