Назарбаев QazAngels клубын құру туралы айтты

487

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев QazAngels бизнесті жебеушілер клубын құру туралы айтты.

«Стартаптың ең басты бөлігінің бірі қаржылай қолдау, әрине. Сол үшін біз Бизнесті жебеушілер клубын (QazAngels), Венчурлік капиталистер қауымдастығын және Бірлесе инвестициялау қорын құрамыз. Менің ойымша, үкімет те, мына барлық қор да осымен айналысатын (инновациямен — Авт.) талантты жастарды белсенді қолдайтын болады», — деді Президент Astana Hub ашылуында.

Назарбаев қазақстандық компанияларға, әлеуметтік бизнес-нысандарға стартаптарды қолдауға тапсырма берді, олар келісімшарт жасасып, олардың жұмысын коммерцияландыруы тиіс.

«Бұл бастамалардың жүзеге асуына қатысуға барлық бизнесменді шақырамын. Менің ойымша, олардың барлығын арнайы жинап, қолға алу үшін тиісті тапсырма беру керек. Оны премьер-министр бақылайтын болады», — деді Президент.

Ақорда сайтының мәліметінше, бизнесті жебеушілер клубына QazAngels атауы берілген.
tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.