Науқас саусағынан айырылды: Алматыда клиника небәрі 500 мың теңге өтемақы төлейтін болды

60

Алматыда диабеті асқынған емдеу кезінде науқастың жағдайы нашарлап, аяғының саусағы кесілген. Ол клиниканы сотқа беріп, өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотта анықтағандай, науқас диабет асқынуларын емдеу үшін медициналық орталыққа жүгінген және емі үшін 420 мың теңге ақы төлеген. Алайда көрсетілген медициналық көмек жағдайын жақсартпаған.

Керісінше, ауру асқынып, науқас басқа медициналық орталыққа жүгінуге мәжбүр болған, онда дәрігерлер алдыңғы сапасыз емдеудің салдарын жою кезінде оң аяғының саусағын ампутациялауға мәжбүр болған.

Осыдан кейін науқас төленген қаражаттың бір бөлігін қайтару және моральдық зиянды өтеу талабымен сотқа жүгінді.

«Жауапкердің талап арызды мойындауын және анықталған мән-жайларды ескере отырып, сот оның талап арызын қанағаттандырып, медициналық орталықтан 120 000 теңге материалдық және 500 000 теңге моральдық зиянды өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енді», – делінген хабарламада.

https://azattyq-ruhy.kz/news/96529-naukas-sausagynan-aiyryldy-almatyda-klinika-neb-ri-500-myn-tenge-otemaky-toleitin-boldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.