Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

547

Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнай бағасы төмендеді.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,91 долларға арзандап, барреліне 68,97 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстерінің бір баррелі 0,26 долларға төмендеп, 59,93 доллар болды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.