Міндетін мінсіз атқарған мемлекеттік қызметшілердің еңбегі еленді

167

Бүгін 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні. Атаулы мерекеге орай Қордай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында салтанатты жиын өтіп, шарада үздік мамандар марапатталды. Қордай ауданы әкімінің орынбасары М.Күзербаев арнайы қатысып, абыройлы қызметтің мамандарын құттықтап, аудан әкімінің мерекелік құттықтауын жеткізді. «Халық мемлекеттік қызметкерден асқан жауапкершілік пен жоғарғы біліктілікті, елі мен жеріне деген шынайы патриотизмді күтеді. Дамыған мемлекеттің іргетасын қалайтын Сіздерсіздер. Сондықтан да қазіргі кезде мемлекеттік қызметшіге артылған жүк ауыр»-деді М.Күзербаев құттықтауында.
Өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін үлгілі, жауапкершілікпен атқарған аудан әкімі және ауылдық округ әкімінің түрлі сала бойынша қызметкерлері аудан әкімінің Құрмет және алғыс хаттарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.