Мектептердегі орын тапшылығы өз кезегімен шешілуде

277

Қазіргі таңда Тараз қаласында апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Дегенмен кейбір мектептерде орын тапшылығы туындап отыр. Бұл туралы қала әкімі Айтқазы Қарабалаев өзінің қорытынды есеп беру жиынында мәлімдеді.

– Ағымдағы жылы Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия жанынан 300 орынға арналған жапсарлас ғимараттың және «Шалғай-Қарасу» тұрғын алқабында 600 орынға арналған мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Ал, А.Асқаров көшесінің соңындағы алқапта 900 орындық мектеп құрылысы пилоттық жобамен ағымдағы жылы басталатын болады.

Сонымен қатар, кейбір мектептерде басқа да күрделі мәселелері шешуді қажет етеді. №7 және 22 орта мектептердің жанынан 300 орынды жапсарлас ғимараттардың құрылыстарын жүргізу үшін құжат дайындауға 10 млн. теңге қарастырылып, қазіргі уақытта бастапқы деректер жинақталуда. «Казарма» тұрғын алқабынан салынатын 180 орынды мектептің құрылысын  жүргізуге қажетті құжат дайындауға 2019 жылы 6 млн. теңге қаражат бөлінді. «Барысхан» тұрғын алқабынан салынатын 600 орынды мектеп құрылысының 2017 жылы дайындалған жобалық-сметалық құжаттарына түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 2020 жылға 1 890 мың теңге қаражат қарастырылып отыр, – дейді қала әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.