Мекеме ұжымы маңызды құжатты талқылады

65

1 шілде күні Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойған болатын. Оған сәйкес бұған дейін қолданыста болып келген ережелерге өзгерістер енгізіліп, бірқатар жаңашылдықтар қосылған еді. Осы орайда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев мекеме ұжымымен кездесу өткізді.

Жиын барысында Ерлан Ділдәбекұлы қызметкерлермен жаңа қабылданған құжаттағы өзгерістер мен толықтырулардың талқылады. Сондай-ақ, әлемді жайлаған індетпен күресте тиімділігі жоғары вакцина қабылдаудың маңызы, екпе алуға қарсылық білдірушілермен түсіндіру жұмыстаын жүргізу, санитарлық талаптардың толықтай және қатаң сақталуы, жеке бастың эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау сынды маңызды жайттар туралы толыққанды ақпарат берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.