Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова Жамбыл облысына іссапары барысында Байзақ ауданында болды.![]()

Халық қалаулысының алғашқы жұмыс сапары бүгін ғана ел игілігіне ұсынылған Сазтерек ауылдық округінің Абай елдімекеніндегі ауылдық дәрігерлік амбулаториямен танысудан бастау алды.![]()

Сондай-ақ, Гүлдара Алданышқызы Жетібай ауылындағы 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысып, ауылдық клубта орналасқан «Жетібай» бастауыш партия ұйымында көшпелі жеке қабылдау өткізді.
Байзақ ауданы әкімдігі