Марқакөлде боранда жолға шыққан 11 адам қар құрсауында қалды

130
Марқакөлде боранда жолға шыққан 11 адам қар құрсауында қалды
 Видеодан алынған кадр

ШҚО құтқарушылары боранда жолда қалып қойған жолаушыларға көмектесті, деп жазады turkystan.kz.

17 ақпан түнде Марқакөл ауданында адамдар жеңіл автокөлікпен жолға шығып, Қарашілік ауылының маңында қалың қарға тұрып қалған.

ШҚО ТЖД № 31 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп, арнайы техникамен 11 адам, оның ішінде 7 баланы эвакуациялап, елді мекенге дейін алып келді.

Жергілікті атқарушы органдар жолды қардан тазалады.

https://turkystan.kz/article/239981-mar-ak-lde-boranda-zhol-a-shy-an-11-adam-ar-rsauynda-aldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.