Аңдамақ- ұлттық ойын түрі.
Талқы — иленген теріні
жұмсартатын құрал («жиналыста
талқыға салды» деген осыдан
шықса керек)
Шүлен — жомарт деген мағынаны білдіреді (шөлді шүлен етті,
шүлен таратты деген тіркестер
бар)
Шаша — жылқының аяғындағы қыл (шашасына шаң жұқпас
жүйрік)
Құшнаш — бал ашатын әйел
(бақсы құшнаш деп те айтады)
Жеті амал — өте көне этнографиялық түсінік
1. Күннің тоқырауы
2. Қарашаның қайтуы
3. Үркердің батуы
4. Киіктің матауы
5. Тоқсанның кіруі
6. Мұздың қатуы
7. Айдың тоғамы
Ежеқабыл, Белқұда, Қызыл құда —
балаларын тумай жатып атастырған
құдалар
Хакім — дана, данышпан (Хакім Абай)
қазақ тіліне әкім, кәкім болып кірген.
Бүлдіргі — қамшының білекке ілетін бауы. (мұны «бүлдірге» деп те айтады.
«Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі»,
«Бүлінген елден бүлдірге алма» дейді)
Иянат — араб. Жала
Қиянат (қиянат) — араб уәдеге опасыздық
Аманат — өсиет, тапсырыс
деген мағынада. (аманатқа қылма — қиянат).
Иянар пен қиянат қосылса зиянатқа айналады.
Асадал — ыдыс-аяқ сақтайтын қапшық (аяқ қап та сондай)
Жел көз, тор көз — керегенің
түрлері
Бұйда — түйеге бұйда, атқа шылбыр тағылады
Безгелдек — дуадақтар тобына жататын құс. (Мәссаған, безгелдек! -таңдануды білдіретін одағай сөз)
Шырға тарту — бүркітті аңға түсуге үйреткенде аңның тұлыбын
(шырға) тартады.
Абадан — қасқыр үйірінің басшысы (көсемі)
Ережеп — үш күндік ораза
(осылай аталатын кісі аты да бар)
Толағай — тақыр жер («Тау толағай көрінер тасы кетер», «Қу
толағай бастанбай» (Махамбет)
Саһар — аққудың қоразы
Өжектеу — сөз таластыру
Сауын айту — үлкен асқа, тойға шақыру
Атырау — өзеннің теңізге құяр жері
Сыралғы — сый. («Батырдан — сауға, аңшыдан — сыралғы»)
Шекелдік — жүгеннің шекелігін күмістеу
Кеусен — егін орағы аяқталған соң астық тазалаушыларға, дәметушілерге берілетін үлес.
(Мал сойғанда «қолкесер» берген
сияқты)
Әуселе — күш-қуат («Әуселеңді көріп алайын»)
Көбеген — жас бала, балдырған. («Ерте туған көбеген» деп
малдың төлін де айтады)
Шүңет — ойдым, шұңқыр (шүңет көз)
Жік — шайтан («Жер астынан
жік шықты, екі құлағы тік шықты»)
Шабыра — ешкі терісінен иленген былғары (шабыра шалбар кигені)
Шікірә — жас баланың кекілін
үкілеген, қызыл-жасыл суыртпақ
жіп таққан, еркелеткен лағы («бұл
кімнің шікірәсі?»)
Сақпан — тас атуға арналған құрал («Сақпанның тасындай сарт
етті»)
Сірге жияр — күзгі қой қырқу, астық жинау сияқты жұмыстар
аяқталған соң ауыл-аймақ үшін
жасалатын шағын той.
Аймауыт — батырларға арналып тігілген киім (кейде сауыт деп
те айтады)
Әмеңгерлік — некелестіру
(«аға елсе- іні, іні өлсе — аға мұра»
дегендей)
Жолбасар — жол торып, тонаушы
дығы
Сой — тұқым, тек, нәсіл («Мен
ақсұңқар құстың сойымын» (Махамбет) текті ерлердің тұқымы деген мағынада айтылады)
Пеш — түрік сөзі. Пиш, пыш,
пісіру, жылыту деген мағынаны
білдіреді
Кірпіш — кір, лай, батпақты
пісіру, яғни лайды күйдіруден шыққан. (бұған дейін орыстар пеш,
кірпіш дегенді білмеген)
Тіз киім — іш киім
Әулет — бір атаға жататын
үрім-бұтақ
Шірік — сарбаз, жауынгер.
(«Ағайының көп болса — ұлы шерік
қолмен тең» (Ақтамберді жырау)
Аяқшы — тойда табақ тартушылар
Үпті — дүние, мүлікті, жасаулы
деген мағына береді. («Бәленбайдың үйі үпті»)
Аңғыс — мән-жайын, аңысын аңдау
Тағай — құлақтың ішкі жағы
Жаба — қыран құсты ұстайтын
ер үстіне орнатылған жаппа, үйшік
Бағар — мал («Бағар көбейсін —
мал көбейсін» деген мағынада)
Тепкішек — 5-6 жаста баланы ашамай ерге мінгізеді. Онда қоржын қалта болады. Соны тепкішек
дейді.
Соқыр тиын — тиынның бетіндегі бедер, таңба, жазу көп қолданғанда көмескіленіп, кейде жойылып кетеді. Сондай тиынды «соқыр тиын» дейді.
Әспет — адамға құрмет, ілтипат білдіру — әспеттеу
Мілік — тістің еті
Деңбет — күмістелген затты
айтады. (Мәселен, деңбеттелген
күміс белдік)
Аңырақай — шөл дала, қаңсыған дала
Насат — ерен (насат бала батыр
болып өседі)
Қылаң — жылқы малының жалпылама айтылатын түсі (ақбоз,
құла, т.б)
Баран — бұл да сондай. («алдыңғы ат қылаң болмай, баран болды» (Ақан сері. Құлагер — қылаң)
Аужал — ас, тағам. (Осыны аужал ете тұрыңдар)
Сауға — араша тілеу. (Батырдан — сауға (олжаға үлес), аңшыдан —
сыралғы)
Мырзақамақ — үй тұтқыны
Көкжал — қасқырдың аталығы
Тазы — аңшы иті, ауған тілінде таза, алғыр, жүйрік деген мағына береді. Фердоуси «Шахнамада» патша иттерін «Саг-и-Тази» деп атаған
Мантық — логика
Теософия — діни философия
(Медреседе Абай мантықты да, теософияны да оқыған)
Шәмші — араб күн
Құрқұлақ — тістің еті қанайтын ауру (парадонтоз)
Сағанақ — киіз үйдің керегесінің қоспа ағашы
Алшын — шабылған шөп орнына шыққан жаңа шөп
Ақсүйек — қазақтың ұлттық ойыны
Керен — су сиыр (бегемот) («Аузын керендей ашты»)
Нау — жалақор, даукес. («Нау құрымай дау құрымас», «науды
аяма, дауды ая»)
Әккі — тәжірибелі, басқаның қулығын тез байқағыш, басқаға ұстатпайтын адам.
Жақ — садақтың бір атауы
Қаптағай — жабайы түйе.
(Қаптағай деген батырдың аты бар)
Қайдақ — салт басты, сабау қамшылы бойдақ адам. («Қазаны жоқ — қайдақ, қатыны жоқ бойдақ» деген сөз бар
қырғыздарда)
Даңғайыр — өз ісіне шебер, білгір адам.
Бапан — қамыс басының үлпілдегі
(«басы бапандай, аяғы сапандай —
тәуір басталып, нәтижесіз аяқталған
істі айтады)
Көгілдір — аққудың балапаны
Аманат құда — балаларын жас кезінде атастырып, қалың малдың бір бөлегін төлеп қойған құдалар.
Сілбі -1 ) ұзақ сіркіреп жауған жауын (ақжаңбыр),
2) Өрмекшінің өрмек тоқуға арналған сұйық заты
Шомай — екі құйымшақ сүйектің түйіскен жері (шонданай
деп жүргеніміз осы Шомай болу керек)
Зертең — өкпе ауруы (жөтелетін)
Пыстан — көпшікті ерге бекітетін жез қалпақты күміс шеге.
(Абайдың «Ескілік киімі» деген
өлеңіндегі «Жарғақ жастық көпшігім жезді пыстан» деген сөз бар)
Дәндәку — кісеннің оқшантаймен қатар тұратын былғары
қалтасы (жоғарыда аталған өлеңде: «үлкен кісе белімде жез салдырған, шақпағым, дәндәкуім
жарқ -жұрқ етіп» деген жолдар
бар)
Күйеуаяқ — ата-енесінің күйеу жігітке атаған малы
Жолаяқ — жолға шығарда жасалатын рәсім
Шүкейіт — киіктің асығы
(Кішкентай адамды шүкейіттей деп суреттейді)
Шарғы — ұзатылып бара жатқан қыздың сіңілісіне берген орамалы
Ашымал — арпадан, тарыдан, күріштен, ұннан, т.б. жасалған ашыған көже
Биязы шекпен — түйе жүнінен жіңішке етіп иірілген жіптен тоқылған шекпен
Мор — киіз үйдің ағашын сүйегін) балқытатын орын
Ереуіл — ұзақ жортуға шыдамды, мықты, берік ат. («Ереуіл атқа ер салмай»)
Кермағыз — кербез, маңғаз деген мағынада. (Абай өлеңінде бар сөз)
Ақылақ — ыстық ірімшікке шекер (қант) қосып жасалған тағам. (үлкен кісілерге, балаларға беріледі)
Ұмай ана — аңыз бойынша
ести жоқ ескі заманда көк түріктер
жат-жұрттықтардың қырғынына
ұшырағанда бір жалғыз мүгедек
ер баланы ұрғашы бері — Ұмай
ана асырап жеткізеді. Түрік ұрықшәрпі (тұқымы) сол бала мен
Ұмай анадан тараған делінеді
аңызда.
Құзғын сәрі — (құлқын сәрі деп те айтылады) — таң ата — ерте құзғын құс қонақтаған жерінен ұшқан уақыт
Қара өзек шақ — жазғытұрым кез
Парсақ — орта ғасырдағы қашық тық өлшемі. Бір парсақ шамамен 6.23 шақырымға тура келеді
Ұрағаһ — монғолша аттан деген мағынада (ура сөзі осыдан шыққан шығар деген ой келеді)
Жинастырып, жариялаған МАҚСҰТ ХАЛИОЛЛА
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі