Қожаған Жабағиев Жуалы ауданында жұмыс сапарымен болды

705

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Қожахан Жабағиев Жуалы ауданында жұмыс сапарымен болды.

Қожақан Көкірекбайұлы сапарын Нұрлыкент ауылдық округіне қарасты «Гамбург» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жамбырлатып суғару құрылғыларының жұмысымен танысудан бастады. Парламент Мәжілісінің депутатын Нұрлыкент ауылы тұсында аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков пен аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Уркумбаев қарсы алып, сол арадағы жүгері алқабыа алып барды.

Бұдан кейін Парламент мәжілісінің депутаты аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың жұмысы туралы Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Мақсат Зиябеков айтып берді. Жалпы орталық халыққа қызметтің 765 түрін көрсетеді. Соның ішінде 435 қызмет түрі цифрландырылған. Осы цифрландыру аясында келушілерге электронды кілт, куәлікке тіркелген кілт пен флешкіге кілт салып беру жұмыстары жүргізілуде.

Сонан соң халық қалаулысы «Бурное сүт компаниясының» сүн өнімдерін өндіретін зауытына атбасын бұрды.  Мұнда кәсіпорын жұмысы туралы зауыт директоры Әбдібек Пошқаев айтып берді. Бүгінгі таңда зауытқа 141 кәсіпкер шикізат өткізуде. Зауыттың әлеуеті бұрынғыға қарағанда екі есеге артқан. Қазіргі таңда зауыт қоймасында мол өнім сақтаулы тұр. Өнімін Ресейге экспортқа шығарып отыр. Сондай-ақ елордамыз Астана мен республикамыздың басқа қалаларына өткеруде.

– Мен Жуалыға келіп, ауданда атқарылып жатқан жұмысты көзіммен көріп, марқайып қалдым. Білімді мамандармен, іскер басшылармен сөйлесіп, біраз мәселені талқыладық. Ең бастысы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай туған жерін түлетуге, өнімін еселеуге үлес қосып жатқана азаматтарды көріп қуанып отырмын. Сіздермен пікірлесу барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді саралап, ауыл шаруашылығына қатысты заң қабылдарда ескеретін боламын. Ата кәсібіміз жанданып, ауыл шаруашылығын жолға қойсақ, жарқын болашақта ауыл да гүлденеді деген ойдамын, — деді Қожахан Көкірекбайұлы.

Қожахан Жабағиев ауданға келіп тұрып, Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының музейіне соқпай кете алмады. Музейге соғып, Баукеңнің мұражайын қызыға тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.