Коронавирус жұқтырған жамбылдықтар – 29 және 41 жастағы ер адамдар

517

Өңірлік коммункациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсізідігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков Жамбыл облысындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Департамент басшысының айтуынша, 2020 жылдың 2 сәуірінде Тараз қаласы мен Жамбыл ауданынцың аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 жағдайы тіркелген. Жалпы, аймақта инфекция жұқтырғандар саны 5-еуге жетіп отыр.

– Жамбыл ауданында тіркелген науқас 29 жастағы ер адам. Алыс қашықтықтағы жүргізуші болып жұмыс істейді. Ресейден келген. Ал Тараз қ.аласындағы науқас, 41 жастағы ер адам. Ол Қызылорда-Петропавл бағытындағы 076 пойызында жолсерік болып жұмыс істейді. Өздеріңізге белгілі, бұл поезда 1 науқас 22 наурызда Түркістан облысында анықталған болатын. Оның алдында Қордай ауданында Қырғыз Республикасынан келген 46 және 24 жастағы ер адам мен әйелден вирус белгілері табылған болатын. Сондай-ақ, Шу ауданында да  Қырғызстаннан келген 29 жастағы ер адамның КВИ жұқтырғаны анықталған болатын. Қазіргі таңда барлық науқастар карантиндік стационарға оқшауланып, оң зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының жұқпалы аурулар стационарына стационарлық емдеуге тасымалданды, – дейді Б. Жарқынбеков.

Жалпы, тіркелген 5 науқаспен байланыста болған 76 адам анықталған. Оның ішінде 69 жақын және 7 потенциалды қарым-қатынас жасаған. Барлық байланыста болған адамдар карантиндік стационарға оқшауланып, зертханалық тексеруден өтті. Олардың 61-і теріс нәтиже берсе, 15 сынама тексерілуде.

– Тұрғылықты және келген жері бойынша ошақтарда Ұлттық сараптама орталығы филиалымен дезинфекциялық өңдеу жүргізілді. Пациенттің үй-жайларында және карантиндік стационар палатасында жол жүру барысында қорытынды дезинфекция жүргізілді, науқастарды тасымалдайтын көлікке дезинфекциялық өңдеу жүргізілді. Медициналық қызметкерлер пациентке қызмет көрсету кезінде барлық жеке қорғану шараларын сақтады. Жағдай бақылауда, – дейді департамент басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.