Қордайда «фаст фуд» дүңгіршегі өртеніп кетті

454

Қордай ауданының орталығы Қордай ауылында «фаст фуд» дүңгіршегі өртеніп кетті.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, от бүгін түнгі сағат 00:20-да тұтанған. Оқиға орнына аттанған 1 техника мен 3 өрт сөндіруші тілсіз жауды 00:38-де ауыздықтаған. Жалпы, жалын 00:55-те толығымен сөндірілген.

Аталған жайт, жылдам тамақ әзірлейтін дүңгіршектердегі өрт қауіпсіздігі техникасы талаптарының сақталуын тағы бір тексеру қажеттігін көрсетіп отыр.

Айта кетейік, өткен тәулік ішінде облыс құтқарушылары жалпы саны 28 рет шақыртуға шыққан. Оның ішінде – 1 өрт, 22 жану оқиғасы, 1 апаттық құтқару және 4 әртүрлі сипаттағы шақыртулар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.