Колледж директоры жемқорлыққа қарсы

430

Тараз қаласындағы Тараз сервис және технология колледжінің директоры Бекбол Маймышев » Саналы ұрпақ» фронт офисінің белсенділерімен өткізілген жиында арнайы сыйақы тағайындағанын мәлімдеді. Енді аталған оқу орнында студенттер үшін туғызған кедергілер мен оқытушылар тарапынан пара сұрау дерегі анықталып, хабарлаған білімгерге басшы өз қалтасынан ақша төлемекші
Айта кету керек, білім ошағында сыбайлас жемқорлықпен күресу іс- шаралары үздіксіз ұйымдастырылады. Ал директор мұндай қадамға баруын » Алдымен әр азамат қоғам дертімен күресуді өзінен бастауы тиіс. Алды алып қана қоймай, жемқорлыққа мүлдем төзбеу мәдениетін қалыптастыру басты мақсатым», дейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.