«Қоғамдық сақшы» жобасы жемісті жұмыс атқаруда

265

Волонтер жылына орай облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ерікті жастарының бастамасымен «Қоғамдық сақшы» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба облыстық Полиция департаментімен бірлесе отырып жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда, еріктілер Тараз қаласының көшелерінде, мөлтек аудандардың тұрғын үйлері мен ғимараттарының қабырғаларында есірткі заттарын жарнамалайтын граффити жазуларын жою бойынша бүгінгі күнге 10 рет рейд өткізіп, нәтижесінде 300-ге жуық граффити жазулар мен құпия сөздер жойылды.

Сол сияқты, жоба аясында облыстық «Jas Otan» Жастар қанаты,
«Ақ сұңқар» қоғамдық бірлестігі Төтенше жағдайлар департаментімен бірге өрт қауіпсіздігі бойынша жеке сектор тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Акция барысында қаладағы 500-ге жуық тұрғынүйді қамтыды.

COVID-19 пандемиясына қарсы карантин жарияланғаннан бастап күнделікті барлық қала тұрғындарына түсіндіру мақсатында қаладағы
ойын-сауық орталықтарына, кафе, ресторандарға және т.с.с мекемелерге 15 рейд өткізіліп, 10 мың дана ақпараттық бүктемелер (буклет, флаер) мен медициналық маскалар таратылды.

Волонтерлар мереке күндері саябақтарда, көшелерде, мөлтек аудандарда COVID-19 пандемиясынан сақтанудың жолы, үйден себепсіз шықпау, адам көп шоғырланатын орындарға жиі бармау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.