Кітапхана – рухани байлық мекені

189

«Мәдениеттің ғылым мен білімнің ғасыры бар, білімнің қайнар көзі – кітап» деп Елбасы атап өткендей, кітапхана барлық ілім, білім бұлағы боп саналатын, кітап, газет – журнал шоғырланатын рухани орда, талай ғұлама бас иген киелі орын. Бүгінгідей ғылым мен техника, қарыштап дамыған заманында кітапхана адам өмірінде ерекше орын алады. Сонымен қатар, сотталған азаматтар мекеменің ішкі аумағында орналасқан кітапханадан, кітап алып оқи алатындай мүмкіндік бар. Кітапханамызды дана халқымыз «Кітап – алтын қазына» десе, ол кітапхананы өз басым: іші қазынаға теңер, білім дер едім. Шаруашылық қызмет тобындағы сотталған азаматтар кітап, газет оқу арқылы, уақыттарын бос өткізбей, қазіргі таңда, әдеби, тарихи кітаптарға деген құштарлықтары арта түсуде. Кітап оқу арқылы түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға баулиды. Әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені.

Айгүл Тыныстанова,
ЖД-158/1 мекемесінің
кітәпханашысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.