«Халықаралық дүние руханият» қоры мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әзір

1 973

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында «Халықаралық дүние руханият» қоғамдық қорының президенті Жәнібек Өтелов, баспасөз хатшысы Ерғали Сапарғалиұлы, қор менеджері Мәдина Жұлмақованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер қоғамдық қордың атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Халықаралық дүние руханият» қоғамдық қоры биылғы Рамазан айында салауатты іс атқару мақсатында ниет етіп, бірінші кезекте қазіргі Түркістан облысы Шымкент қаласында құрылған. Қор дертке шалдыққан жас сәбилерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беруді мақсат етеді. Ұйым өкілдерінің айтуынша, көмек сұрап келіп жатқан аналардың басым бөлігі жалғыз басты аналар екен.

Жиын барысында Ерғали Сапарғалиұлы «Халықаралық дүние руханият» қоғамдық қоры қолдан келгенше осы мақсатты көздейтіндігін жеткізді. Бұл қор төрт айдың ішінде үш бірдей облыстардан филиал ашқанын жеткізді.

– Атап айтар болсақ, Түркістан , Қарағанды және Жамбыл облысының орталығынан филиал ашылды. Бірғана Түркістан облысынан 47 науқас сәбилер тіркелді. Оларға көмек ретінде 8 миллион теңге берілді. Ал, жақында ғана Жамбыл облысында заңды түрде тіркеп, филиалымыз ашылды. Бір айдың көлемінде үш бірдей науқас балаларға көмектесіп үлгердік. Мұқтаждығына деп 1 миллион теңгеге жуық қаржылай қолдау көрсетілді, – дейді Е. Сапарғалиұлы.

Қор өкілдері, сондай-ақ, жұмыссыз жүрген жастарды қайырымдылық жасауға шақырып, 50-ге жуық жастарды жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын айтып өтті.

– Көмек қолын созуға жұмсалатын қаржыны еріктілер халықтың қолдауымен қаржы жинайды. Қазіргі уақытта арнайы еріктілер штабы жасақталып жатыр. Олар үгіт-насихат жасау арқылы мекемелермен кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен кеңесе отырып келісім-шарт арқылы жұмыс істейді. Қордың келешекте игілікті істерді кең ауқымда атқаруға жүйелі түрде жоспарлары бар, — дейді ұйым мүшелері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.