Келеңсіздікке жол бермеу – басты міндет

30

Жылыту маусымы да жақындап қалды. Қазір оған дайындық – өзекті мәселелердің бірі. 

Сондықтан алдағы уақытта  келеңсіздікке жол бермеу – басты міндет. Осы бағыттағы атқарылған жұмыстар және алдағы жоспар туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек баса тоқталды. 

Жалпы жылыту маусымы бойынша облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен   3 рет (Қордай, Меркі, Жуалы) көшпелі штаб өтті. Қазір мектептердегі автономды қазандықтарға  көмір жеткізілуде. Басқа әлеуметтік нысандардағы дайындық барысы жақсы.

4 қалада (Тараз – 1 438, Жаңатас — 106, Қаратау — 157, Шу — 156) 1857 көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың 1715-і (Тараз — 1394, Жаңатас — 104, Қаратау — 157, Шу — 58) орталық жылу жүйесіне қосылған.

Бүгінге кейбір қалалардағы дайындық шараларына қосымша тапсырмалар беріліп, тиянақтау жұмыстары жүргізілуде.

Қазір үй иелерінің меншігін басқарудың икемді жүйесі бар.

Бірінші: тікелей бірлесіп басқару (ТББ) және мүлік иелері бірлестігі (МИБ).

Бірақ, Таразда 632 көпқабатты тұрғын үйге ғана басқарушы орган құрылған. Қалған 1 225 тұрғын үйде жоқ.

Бұл өз кезегінде, тұрғын үйлердің жылыту маусымына инженерлік-инфрақұрылым желілерінің дайындығына, өту барысында теріс әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, Тараз қаласының 15-шағын ауданындағы 98 тұрғын үйде 150 жалпыүйлік электр энергиясын есептегіш аспаптары орнатылған. Қыс маусымында жертөледегі насостар электр энергиясын көп тұтынуына байланысты тұрғындар тарапынан төлем жасау кезінде наразылықтар туындайды. Есептегіш аспаптарда алдын-ала төлем болмағандықтан автоматты түрде электр энергиясы өшіріледі.

 Ал, ауыз су саласына тоқталар болсақ, мемлекет Басшысының тапсырмасы бар. Жыл соңына дейін елді мекендер ауыз сумен толық қамтылуы тиіс.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша  жол жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді.  184 жоба іске асырылуда. 101 жоба аяқталды. 77 жоба бақылауда. 6 жобада конкурстар өтіп жатыр.

Республикалық жолдарда қайта жаңғыртудан өткен «Алматы-Астана» автожолының жоспардағы 4 учаскесінің 3-уі пайдалануға берілді.

«Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолында құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

Одан бөлек, «Шу-Қайнар», «Ескі Күйік асуын айналып өту» автожолдары күрделі жөндеуден өтуде.

      Ескі Күйікте де топыраққа қатысты сұрақтары болған. Шешілді.  

Республикалық автомобиль жолдарын және олардың шегінен тыс аумақтың тазалығы бойынша жоспар бекітілді. Жол бойындағы қоқыс көбейіп барады.

54 ауылдық округтен өтетін республикалық маңызы бар 954 шқ автомобиль жолының бойын тазартудың сызбасы жасалды.

Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдауға 155 автобус бағыттары ұйымдастырылған. 117 бағыттың әлеуметтік маңызы бар.  Биыл 10 жаңа автобус бағыттары іске қосылды.

Таразда 8 тасымалдаушы 43 автобус бағыты бойынша 468 автобуспен қызмет көрсетуде. 47 бірлік жаңа автобустар алынды. Тағы 30 автобус алынады. Автобустардың уақтылы жүруі, қаладағы шалғай бағыттардың кешке соңына дейін баруы бақылауда.

Қорыта келе, қысқа ерте қамданған ұтады. Өйткені, жылу беру маусымы жайбарақаттықты көтермейді. Осыны ескеріп, биыл да бұл маусымға ерте әзірлік жасалмақ.

Дариха Үмбетиярова

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.