Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.![]()


– «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-3 шешімін іске асыру мақсатында қала әкімдігінің №3425 қаулысы қабылданған болатын. Осыған байланысты қала бюджеттің жылдық жоспары 81 405,3 млн. теңге болып бекітілді. Сондай-ақ бүгінде қаржы бөлімі тарапынан Тараз қалалық бюджетінен қаржыландырылатын 15 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің (ББӘ) өтінімдері қабылданып, «1С» бағдарламасы жүйесіне енгізу, әзірлеу жұмыстары жүргізіліп, жоспар ағымдағы жылдың 15 қаңтарында қазынашылық жүйесіне енгізілді, – деді Абылайхан Сәкенұлы.![]()




– Бюджет қаражатының әрбір тиынының сұрауы бар. Сондықтан қазына қаржысы мақсатты әрі тиімді жұмсалуы тиіс. Бұл тұрғыда бар жауапкершілік тікелей бөлім басшыларына жүктеледі. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу кезінде бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол беруге болмайды. Сондықтан бұған салғырт емес, сақтықпен қарағандарыңыз жөн, – деген Бақытжан Әмірбекұлы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
