ҚАЖ қызметкерлерінің балалары арасында сурет салу байқауы өтті

36

Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің балалары арасында «Менің папам, мамам – полиция қызметкері» тақырыбында сурет салу байқауы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, құқық қорғау органдары қызметінің маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ қызметкерлердің отбасылық құндылықтарын насихаттау.

Байқау барысында балалар ата-аналарының қызметін бейнелейтін шығармашылық жұмыстарын ұсынып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі, олардың жауапкершілігі мен адал еңбегін көркем түрде көрсете білді.

Қатысушылардың белсенділігі жоғары бағаланып, байқау қорытындысы бойынша барлық балалар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Аталған іс-шара ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің балаларының ата-аналарына деген мақтаныш сезімін арттырып, отбасылық бірлікті нығайтуға ықпал етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.