Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде 2025 жылдың қорытындысына арналған жиын өтті. Басқосуды ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Оразгелдиев Ерлан Ділдәбекұлы жүргізді.
Жиналысқа №25 мекемені бастығы, әділет подполковнигі Ортаев Бекзат Оразалыұлы мен жеке құрамы қатысты. Кеңес барысында жеке құрамға құқық қорғау органдары алқасының кеңейтілген отырысында қойылған, жедел-қызметтік қызметтің тиімділігін арттыруға және оны жетілдіруге бағытталған талаптар жеткізілді.
Жиында 12 айда жасалған жұмыстар жайында баяндама жасалды. Жауапты мамандарға тікелей сұрақтар қойылып, өзекті деген мәселелерді күн тәртібінде қарады. Сотталғандарды жұмыспен қамту, өндіріс көлемін көбейту және кәсіпкерлер тарту жұмыстарына, ішкі тәртіп пен профилактикалық шаралардың көлемін ұлғайтуға ден қойылды.
Кеңес қорытындысын шығара отырып, Ерлан Ділдәбекұлы Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жыл Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы деп жарияланғанын атап өтті. Аталған бағыт сотталғандарды одан әрі оңалту және әлеуметтік бейімдеу ісінде негізгі басымдықтардың бірі болмақ.
