«ҚазАвтоЖол» жолдардың қазіргі ахуалы туралы ақпарат таратты

81
«ҚазАвтоЖол» жолдардың қазіргі ахуалы туралы ақпарат таратты
istockphoto
«ҚазАвтоЖол» жолдардың қазіргі ахуалы туралы ақпарат таратты: 4 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 3 қаңтар сағат 15:00–ден бастап Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 18-232-шақырым аралығында барлық көлік түрі үшін жылдамдық режимі 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа шектелді.

Ал Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Сонымен бірге «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.