Қазақстан 2019 жылдан бастап SNOMED International-дың толық мүшесі атанады

619

Қазақстан 2019 жылғы қаңтардан бастап SNOMED International ұйымының толық мүшесі атанады. Бұл — Халықаралық медицина терминологиясы стандарттарын дамыту ұйымымен (International Health Terminology Standards Development Organisation) жүргізілген екі жылдық келіссөздің жемісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Бүгінде 35 мемлекет SNOMED-ті қолданады, Қазақстан 36-шы ел атанбақ. Айта кетейік, Қазақстан — SNOMED-ке толық мүше болуды жоспарлап отырған ТМД-дағы алғашқы мемлекет», — делінген хабарламада.

Әдетте дәрігерлер науқастың диагноздары мен оған көрсетілген қызметтердің атын жазып жүреді. Кейде қағаздағы жазуды басқа дәрігерлер түсінбей жатады. Медицина мекемелерінде қағазсыз жұмыс істеуге көшкенде бұл мәселенің өзектілігі арта түседі.

Қолданылатын ақпараттық жүйелер бір-бірін қалтқысыз түсінуі үшін ортақ тіл қолданылуы тиіс. Ол — SNOMED-CT клиникалық терминологиясы. Бұл электронды жазбалардың өзара түсінісуіне мейлінше игі ықпалын тигізеді әрі дәрігерлердің де ақпаратты дұрыс түсінуіне жағдай жасайды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.