Қатерлі ісіктің алдын алу – өз қолымызда

761

«Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі ресми парақшасында жариялады, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Абай Құралбекұлы 6-27 қазан аралығында «Сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болу туралы бүкіләлемдік күні» шеңберінде әйелдер денсаулығын қорғауға арналған акция туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Біздің облыста 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша жоспар — 44191 әйел, қаралғаны — 35693, яғни 81,1%, анықталған сүт безі қатерлі ісгі 60, оның ішінде I сатысында — 15 (25,0%), II сатысында – 45 (75,0%).
Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша жоспар — 57056 әйел, қаралғаны — 46225, яғни 81,0%, анықталған жатыр мойны қатерлі ісігі — 17 оның ішінде I сатысында -7 (41,1%), II сатысында – 10 (58,8%).
Тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша жоспар — 48253 адам, қаралғаны — 42164, яғни — 87,3%, анықталған қатерлі ісік саны — 16 оның ішінде II сатысында -13 (81,2%), III сатысында — 3 (19,0%).
Бұның қорытындысы I — II сатысында анықталған аурулар жақсы емделеді деген сөз.
Сүт безі қатерлі ісгін ерте анықтау тәсілінің бір түрі тұрғындардың сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болуы, осыған байланысты осы айлық өткізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.